Алматылық құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 13 наурыз күні ауа температурасы күндіз +0,+2 градус, түнгі уақытта -0,-2 градус болады деп күтіледі. 

қар
Фото: Pexels

Қазгидрометтің мәліметі бойынша күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Сотлтүстік-шығыстан екпіні секундына 3 метр жел соғады. Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің sms-хабарламаларын, БАҚ-қа жарияланған ақпаратты назардан тыс қалдырмауға шақырды. 

«Жауын-шашын туралы ескертулерге сәйкес, көлік жүргізушілерге ағаштардың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береміз», - деп ескертті ТЖД-да.

Еске салайық, Алматыға бір түнде 10 см қар түсті. Мыңнан астам жол жұмысшысы мен 463 техника қар тазалауға жұмылдырылғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар