12:41, 13 Қараша 2024 | GMT +5
Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.
«13 қарашада нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей кезде қалың туман түседі. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз», - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.
Осыған дейін Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасаған болатын.
Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті. 490 арнайы техника мен 1 200 жұмысшы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.