Алматылық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында жеңімпаз атанды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылық оқушылар Қытайда өткен робототехникадан халықаралық чемпионатта жүлделі орындарға ие болды.

білім
Фото: Алматы әкімдігі

Гуанчжоуда робототехника бойынша China FTC Guangzhou Offseason Event халықаралық чемпионаты өтті.

Жарысқа 200-ден астам оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижие көрсетті.

а
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «PID»командасы Motivate Award сыйлығын жеңіп алды. 

Команда құрамында 10 және 12 сынып оқушылары: Асылбек Қаныбекұлы, Қанат Парпиев, Нұрқасым Хафиз, Арсен Омаров, Арлан Қосан, АянатТұматова, Айсұлу Қыдыралықызы, Әли Елтай, Мирас Бекетбай және Олжас Аманкелдин бар.

р
Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қоса, Білім-Инновация лицейінің «Queue» командасы Perseverance Award сыйлығымен марапатталды. 

Командада 10 және 11 сынып оқушылары — Аскер Ерсай, Ерталап Әділхан, Ерсұлтан Мэлс, Манас Есенұлы жәнеАлдияр Ихсанов өнер көрсетті.

«Екі қазақстандық команданың жетістіктері олардың халықаралық аренада бәсекеге түсугедайын қабілетін көрсетеді. Біздің балалар чемпионаттың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Біз балаларымызды марапаттарымен құттықтаймыз», — деп бөлісті Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарын» орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы.

р
Фото: Алматы әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Орталық Азия чемпионаты барысында Қытай чемпионатына жолдама алды. 

Чемпионаттағы жеңіс оқушыларға әлемдік жоғары оқу орындарындағы гранттарға қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар