Алматылық студенттер жер сілкінісі кезінде үрейсіз іс-әрекет жасауды үйрететін симулятор жасады

жер сілкінісі
Фото: Алматы қалалық ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қаныш Сәтбаев атындағы университет студенттері Төтенше жағдайлар департаментіне 7 балға дейінгі көлденең және тік жер сілкінісін имитациялайтын мобильді жер сілкінісі симуляторын әзірледі.

Әзірленген мобильді тренажер жер тербелісін шынайы түрде орнатып халыққа жер сілкінісі кезіндегі үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерге жасауды үйретеді. 

жер
Фото: Алматы қалалық ТЖД

«Көлденең және тік жер тербелісінде кезінде қандай іс-қимылмен ден қоюға болады. Ғимарат қисайған кезде адам кеңістіктегі бағдарын абдырап қалып, не істерін білмей қалады. Қиын жағдайда өзіңізге және жақындарыңызға көмектесу үшін бұл құбылысты өзіңіз сезінуіңіз қажет», - деді Алматы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Симулятор Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық оқыту курстарында және Алматы қаласы бойынша көшпелі сабақтарда қолданылатын болады. Осылайша халыққа төтенше жағдайдағы мінез-құлық дағдыларын машықтайды.

Айта кетейік, жер сілкінісі тренажері Төтенше жағдайлар департаментіне тегін берілді.

Бұған дейін жер астындағы сейсмикалық датчиктердің жұмысы туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар