05:17, 17 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматылық жастар ұлттық киімді ұлықтады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Наурызнаманың онкүндігі аясында қаланың белсенді жастары National day челленджін бастады.
Челлендж аясында AR демалыс орталығының жастары ұлттық киімнің заманауи интерпретациясын ұсынды.
«Біз осы іс-шара аясында ұлттық киімнің әдемі ғана емес, сонымен қатар, өте стильді, жастық және күнделікті өмірде ыңғайлы болатынын көрсеткіміз келді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, Наурыз мерекесіне орай қаланың барлық комьюнити-орталықтарында жастардың қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар өтетін болады.