Алматылықтар биыл қан доноры болып, 13 мың литр қан өткізген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтар жыл басынан бері қан доноры ретінде 13 мың литрға жуық қан өткізген.

Қан доноры
Фото: Pixabay.com

Биыл ерікті түрде қан тапсырған қала тұрғындарының арқасында Қалалық қан орталығында 13 мың литрға жуық қан дайындалған. Сондай-ақ орталық қызметкерлері 50-ден аса өзге мекемелерге барып қан донорларын қабылдаған.

— Жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ жеке тұлғалар донор бола алады. Донор қан тапсырғаннан кейін өз қанының көлемі мен организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін оның ақшалай баламасын алады, — дейді орталық директоры Жандос Надиров.

Айта кетейік, Қалалық қан орталығы мегаполистегі 27 мемлекеттік аурухананы, одан басқа да емханаларды және әскери медицина мекемелерін қанмен қамтамасыз етеді.

Еске салайық, бұған дейін Қалалық қан орталығы Донорлар жинақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Әбдіқадыровтан сұхбат алғанбыз. Оның айтуынша, 2020 жылы 18 мың, 2021 жылы 19 мың, 2023 жылы 20 мың 500 адам орталыққа қан өткізген.

Соңғы жаңалықтар