Алматылықтар Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бүгін Алматыда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ Д.А.Қонаевтың мемориалды пәтер-музейінде экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қонаев
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.  

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Қонаевтың өзінің туған балалары болмады, тағдыры солай болды. Ол кісі туған-туыстарына, жақын жиендеріне жалпы жастарға ерекше қарайтын. Мысалы, желтоқсан оқиғасы кезінде жастар үшін қатты уайымдады. Ол кісі өте мейрімді жан еді. Тіпті, қол астындағы қызметкерлері жұмыстарын қажетті деңгейде атқара алмаса, олардың көңіліне қаяу түсірмей жеткізетін», - дейді  мемлекет және қоғам қайраткерінің туысы Елдар Қонаев.

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Мемориалды пәтер-музейінің жетекшісі Елена Кубашеваның айтуынша, Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі Қонаевты тек мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, шынайы өмірде болған тұлға ретінде де ашып көрсетеді. 

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Музей 2002 жылы Д. Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған болатын. Он жылдан кейін атамыз тұрған үй, яғни, пәтері де музей болып ашылды. Мұнда 8 мыңнан астам жәдігер бар. Музейге келушілер Қонаевтың жүріп өткен жолымен таныса алады. Музейдегі ең құнды дүниелердің бірі атамыздың іс сапараларында түскен фотолары. Бұл жерден ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілінде алуға болады. Былтыр музейге 35 мыңнан астам адам келді», - дейді музей жетекшісі Елена Кубашева.

Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туғанына - 112 жыл.  

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген Дінмұхамедті Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті 1931-1936 жылдары Мәскеудегі Түсті металл институтына оқуға жібереді. 1936 жылы осы институттан тау-кен инженері мамандығын алып шыққан ол 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар