Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматылықтар назарына: Төле би көшесінің бөлігінде екі түнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ЛРТ жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Алматылықтар назарына: Төле би көшесінің бөлігінде екі түнге жабылады
Фото: Алматы құрылыс

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00–ден 06:00–ге дейін инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

— Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, Алматыда Мұратбаев және Жандосов көшелері бірнеше күнге жабылды.