Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда құқықтық тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады.

Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады
Фото: Uztag.info

«Заң мен әділдік — елдің іргетасы» жобасының жетекшісі Айгерім Қадырқұловның айтуынша, алматылықтар заңгерлер көмегіне тегін жүгіне алады. Жобаның негізгі мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттырып, заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.

Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

— Құқық бұзушылықтың едәуір бөлігі әдейі емес, заңды білмеген болады. Адамдар өз құқығын түсіне бермейді, заң жағына да көбі олақтау. Жоба заң көмегін барынша қолжетімді етуге бағытталған. Қалада заңгерлердіғ жедел топтар жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өткіземіз. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен аулаларда тұрғындармен кездесу ұйымдастрамыз. Бізде жедел желі мен чат-бот та ашылған, онда өтініш, шағым мен басқа да құжаттың үлгісін алуға болады, — деді Айгерім Қадырқұлова.

Жобаға мемлекеттік органдар, Қоғамдық кеңес мүшелері мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысады. Жоба жетекшісі құқықтық көмекті 8 747 104 76 69 телефоны арқылы алуға болатынын атап өтті.

Еске салайық, еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды.

Соңғы жаңалықтар