Алматылықтарға шұғыл хабарлама келді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы тұрғындары бүгін 11:00-ден бастап оқу-жаттығу туралы хабарлама алып жатыр. Android телефондарында ескерту қатты дыбыстық сигналмен және экранда хабарламамен бірге келді.

телефон
Фото: pixabay.com

Алматы қаласының полициясы бұл лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы хабарлама екенін мәлімдеді.

Хабарлама
Фото: Алма Мұқанова\Kazinform

«ҚР Терроризмге қарсы Орталығының мұрындық болуымен Алматы қаласының аумағында ағымдағы жылдың 31 қазанында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар жүргізіледі.Оқу-жаттығудың мақсаты – лаңкестік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.Оқу-жаттығу мақсаттары терроризмге осал нысандарда терроризм актілерінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Осыған байланысты, Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көлік пен халықтың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.

«Айта кетейік, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады»,- деп хабарлады Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб.

Соңғы жаңалықтар