Алматыны таза ұстайық – Асанәлі Әшімов

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында өнер адамдары 500-ден астам көшет отырғызып, арық желісін қоқыстан тазалап, қоршауларды сырлады.

әшімов
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, өнер адамдары Абай және Алатау даңғылдарының қиылысында 300 алма және 200 қарағай көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында арық желісін тазалап, қоқыс жәшіктері мен қоршауларды бояды.

абай
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ, эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Сейфуллин» скверінің аумағына 100 көшет отырғызылды.

«Су тасқыны салдарын жоюға байланысты соңғы оқиғалар әр адамға ой салғаны анық. Ең алдымен, біз барымызды бағалауға тиіспіз. Табиғи апат тек аумақтық тұрғыда бізді айналып өтті, десек те бұл оқиғалар көптеген адамның өміріне қатты әсер етті. Біз шынымен де тазалықты сақтап, баршаны табиғатты аялауға шақыруымыз керек. Шын мәнінде, көрінген жерде қоқыс тастамау, инфрақұрылымға зиян келтірмеу сынды қарапайым ережелерді қатаң сақтау,ы міндеттіміз», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексен.

Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жастарды қаланы тазалау науқанында белсенді болуға шақырды.

«Алматы – 1000 жылдық тарихы бар әдемі қала. Мен мұнда 17 жасымнан бері тұрамын, өзімді жергілікті алматылық сезінемін. Кез келген басқа қалада менің қысымым көтеріледі, ал үйге келгенде бірден қалыпқа келеді. Сүйікті қаламызды таза ұстайық. Алматы - Қазақстанның бетке ұстар қаласы. Барлық әріптестерімді және жас талант иелерін белсенді болуға шақырамын», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.

шымберген
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін Алматы тауларына 500 өрік көшеті отырғызылғавны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы барысында, Таза Қазақстан – көзбояушылық жасайтын сенбілік емес екенін баса айтқан болатын.

«Су тасқынына ұшырамаған өңірлерде менің тапсырмаммен «Таза Қазақстан» науқаны басталды. Мен әкімдердің бәріне бұл бірреттік науқан емес екенін ескерттім. Басқаша айтқанда, сенбілікке шығып, жұмыс істеген сыңай танытып, көзбояушылық жасауға болмайды. Көршілес елдердегі секілді бізге де Қазақстанды көгалдандыру, өңірлер мен қалалардың аумақтарын тазарту жұмыстарын үнемі жүргізу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар