02:27, 08 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Алматының 10 мыңнан астам педагогы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 10500 мұғалім шет елде біліктілігін арттырады. Оған 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Мұндай шешім Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды.
– Қаланың білім беру сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы біліктілікті арттыру курстарымен 1 360 педагог қамтылды (420 педагог пен мектеп директорлары, 440 мектепке дейінгі білім беру педагогі, инклюзивті білім беруді іске асыратын 300 педагог, 200 колледж өндірістік оқыту шеберлері, олардың 510-ы Сингапур, Финляндия, АҚШ, Жапония, Кореяда халықаралық тағылымдамадан өтті), – делінген хабарламада.
2025 жылы осы мақсаттарға 10,5 мың педагог үшін 2 млрд теңге бөлінеді.
Осыған дейін Алматыда орташа айлық 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңгеге жеткені туралы жазғанбыз.