Алматының 3 ауданында уақытша суық су болмайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алматы Су» мекемесі су құбыры жүйесіне жаңа инженерлік желілерді қосу жұмыстарына байланысты 24 шілде сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін Алматы қаласының кей бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады. 

Ыстық су
Фото: Pexels

Жоспарлы жұмыстар жүргізілетін кезеңде келесі аудандарда суық су уақытша тоқтатылады:

Бостандық ауданы: Саин — Асқаров — Әлмерек — Азамат — Садықов көшелері шеңберінде. Оның ішінде: «Мирас», «Дарын» шағын аудандары және Долина роз, Солнечная долина, Кунбель, Hyde Park, Presidents Park, Miras Park тұрғын үй кешендері.

Наурызбай ауданы: Асқаров — Кенесары хан — Қарғалы өзені — Новая көшелері шекарасында. Оның ішінде: «Қарғалы», «Құрамыс», «Рахат» шағын аудандары және Асқар Тау, Хан Тәңірі, Bella Villa, Nef Up Town тұрғын үй кешендері.

Әуезов ауданы: «Таугүл-3» шағын ауданы, Алтын Қарғалы шипажайы

— Құырылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су біртіндеп, жабдықты тексеріп, реттеу жұмыстарынан кейін қайта қосылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады «Алматы Су».

Еске салайық, бұған дейін Алматының тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар