Алматының Әл-Фараби даңғылында жаңа жолайрық салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Әл-Фараби даңғылы мен Жақсылық Үшкемпіров көшесінің қиылысында жаңа көлік жолайрығын салу жоспарланып отыр.

строительство дороги жол құрылысы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Қаланың жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, мамандар көлік жүктемесі жоғары осы аумақта жол қозғалысын ұйымдастырудың бірнеше нұсқасын қарастырып, ең тиімді шешімге тоқталған.

— Өзге мүмкіндіктердің шектеулі болуына қарай Үшкемпіров пен Қаппаров көшелерінің қиылысында бір деңгейлі айналма жолайрығын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл жоба барысында инженерлік желілерді түбегейлі өзгерту қажет емес және жаңа жер телімдерін сатып алуды қажет етпейді. Құрылыс кезеңінде Әл-Фараби даңғылындағы қозғалысты жабу да қажет болмайды, — деп хабарлады басқармадан.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны мен мерзімі жобалық шешімдер әзірленіп, бекітілгеннен кейін белгілі болады. Жобалау жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2026 жылдың қаңтарында алу жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін Әл-Фараби даңғылының бойында газ құбырын қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылға ауыстырылғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар