Алматының Алатау ауданында бір күннен кейін жарық қайта қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алатау ауданындағы үйлердің бәріне бір тәуліктен аса уақыт өткен соң жарық қайта берілді.

п
Фото: pexels

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, қазіргі уақытта аудандағы барлық тұтынушыға электр қуаты қайта берілді. Бұл резервтік қуат көздеріне қосу арқылы мүмкін болған.

– Қазіргі таңда мамандар қала әкімдігінің балансындағы 110 кВ кабель желісін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 13 қараша күні шамамен 18:00-ден бері Алатау ауданындағы бірнеше шағынаудан тұрғыны жарықсыз отырды. 

Бұған әкімдікке тиесілі 110 кВ кабель желісінің зақымдануы себеп болды.

– Жоғары кернеулі желілер «MAGNUM E-COMMERCE KAZAKHSTAN» ЖШС тапсырысымен жүргізілген газ құбырын көлденең бағытта бұрғылау жұмыстары кезінде зақымдалған. Бұл жұмыстарды МП «ГазЭнерджи» ЖШС орындаған, - деп хабарлады әкімдік.

Түні бойы апаттық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Алатау ауданы тұрғындары неге бір тәуліктен бері жарықсыз отырғанын түсіндірген еді.

Соңғы жаңалықтар