Алматының бас жоспарына түзету енгізілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспарға түзету енгізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспар түзетілуде.
Фото: Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматының 2040 жылға дейінгі жаңартылған Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жалғасып келеді.

Негізгі міндет — жасыл аймақтарды кеңейту, тауға жақын аумақтарды құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қала ортасын қалыптастыру.

Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспар түзетілуде.
Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен қатар жеке инвесторлар жүзеге асырып жатқан жаңа қонақүй жобалары қаралды.

Қазіргі уақытта қаладағы қонақүйлердің жүктемесі 95%-ға жеткен, ал 54 жаңа жоба іске асырылу кезеңінде.

— Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағынның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан бұл бағытта егжей-тегжейлі жұмыс жүргіземіз, — деді Дархан Сатыбалды.

Алматыда жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторийді ескере отырып, Бас жоспар түзетілуде.
Фото: Алматы әкімдігі

Мақсат — Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл әрі тартымды қалаға айналдыру.

Бұдан бұрын Алматыда ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейетіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар