Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Достық даңғылы Абай даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта абаттандырылады.

Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жоба жайлы қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған. Мұнда тротуарлар жаңартылып, сквер салынады, спорт алаңдары мен шағын түрлі пішіндер орнатылады. Сондай-ақ көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймағын кеңейту және реттелген автотұрақтарды ұйымдастыру көзделген. Одан бөлек жаңа веложол салынады.

Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынады
Фото: Алматы әкімдігі

- Бұған дейін бұл учаскеде тротуарлар тар болған, автотұрақтар ретсіз қойылып, жасыл аймақтар күтімсіз қалған, велосипед инфрақұрылымы болмаған. Қайта жаңғыртылатын учаскенің ұзындығы 1,5 км, құны - 2,35 млрд теңге. Жобаны «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеген және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда биыл қанша шақырым веложол салынатынын жазғанбыз.

Алматының басты көшелерінің бірінде жаңа веложол салынады
Фото: Алматы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар