Алматының Бостандық ауданының әкімі тұрғындармен қоштасты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Екі жыл бойы Алматының Бостандық ауданының әкімі лауазымында болған Санжар Алин қызметінен кететінін айтты.

Алматының Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин
Фото: Бостандық ауданы әкімінің аппараты

Аудан әкімдігінің парақшасында жарияланған қоштасу видеосында ол тұрғындарға сенімі, қолдауы, түсіністігі үшін алғыс айтты.

Ол біраз шаруа атқарылғанын, кейбірінің әлі де атқарылып жатқанын, ал көп міндеттің болашақта жүзеге асатынын атап өтті.

— Енді қалған үлгермеген жұмыстарды өздеріңізбен бірлесіп, Бостандық ауданы әкімдігінің аппаратының мамандарымен шешім табасыздар деп ойлаймын, — деді Санжар Алин.

Санжар Алин Бостандық ауданының әкімі қызметіне 2023 жылғы мамыр айында тағайындалды. Ол мұның алдында Алматының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасын басқарған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімінің орынбасарлары Әлішер Әбдіқадыров, Әсем Нүсіпова, Асқар Амрин қызметінен кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум