14:23, 28 Маусым 2024 | GMT +5
Алматының ботаникалық бағы 1 күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының бас ботаникалық бағы 1 шілде күні жабық болады. Бұл туралы мекеме әлеуметтік желіде хабарлады.

«Құрметті бас ботаникалық бақтың қонақтары. Ботаникалық бақ 1 шілдеде жабылатынын хабарлаймыз. Аумақ жоспарлы түрде санитарлық тазартудан өтеді. Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс жасайды. Кассалар 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30», - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ботаникалық бақта сирек кездесетін 103 өсімдікті үсік шалғанын жазған едік.