Алматының бірнеше ауданында көше жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты бірнеше ауданда жол уақытша жабылады.

11 – 14 шілде аралығында Қабанбай батыр көшесі мен Клочков көшесінің қиылысы, сондай-ақ «Алтай» базарынан Майлин көшесі, 79Б мекенжайына дейінгі оңтүстік бағыттағы учаске және №1 қалалық аурухана маңы екі бағытта жабылады.
Ал 14 шілде – 30 тамыз аралығында Жамбыл көшесі - Қожамқұлов көшесінен Шагабутдинов көшесіне дейін, 18 – 20 шілде аралығында Жамбыл көшесі- Исаев пен Байғанин көшелерінің аралығында жабық болады.
25 – 28 шілде аралығында Тоқмақ көшесі - Уәлиханов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, Ақан-Сері көшесі - Сейфуллин көшесінен Котельников көшесіне дейін жабылады.
30 тамызға дейін жабық көше аумақтары:
- Сәтбаев көшесі - Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін;
- Бұқар жырау бульвары - Байтұрсынов көшесінен Марков көшесіне дейін;
- Ғабдуллин көшесі - Римский-Корсаков көшесінен Нахимов көшесіне дейін;
- Марков көшесі – Бұқар жырау бульварынан «Зайка» балабақшасына дейін;
- Байтұрсынов көшесі – Сәтбаев көшесінен Бұқар жырау бульварына дейін;
- Әйтиев көшесі – Бөгенбай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейін.
1 қыркүйекке дейін Қожанов көшесінен Дөнентаев көшесіне дейін Жароков көшесі жабық.
Еске салайық, Алматыдағы Бостандық ауданының көшелерін жөндеуге 3 млрд теңге бөлінді.