Алматының бірнеше ауданында уақытша жарық сөнеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алматының кейбір ауданында 10 қазанға дейін электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты жарық уақытша сөндірілуі мүмкін. 

Алматының бірнеше ауданында уақытша жарық сөнеді
Фото: Pixabay

«Алатау жарық компаниясы» АҚ қала мен облыс аумағындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарының жаңартылған кестесін жариялады. Компанияның мәліметінше, электр энергиясы аз уақытқа және тұтынушыларды қосалқы қуат көзіне ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда ғана өшіріледі. 

Жөндеу жұмыстары кезінде сымдар бөгде заттардан тазаланып, кей бөлігі ауыстырылады және жабдықтар жаңартылады. Жұмыс күн сайын сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Жарық Бөкейханұлы, Радищев, Жансүгіров, Тобаяқов, Түрікмен, Щорс, Ангар, Панфилов, Төле би, Қабанбай батыр, Абылай хан, Назарбаев, Сейфуллин, Рысқұлов, Райымбек, Абай және тағы басқа көшелерде сөнуі мүмкін.

Сондай-ақ Ақжар, Таусамалы, Қалқаман-2, Құрамыс, Қарағайлы, Маяк, Өжет, Томирис, Қарасу, Айнабұлақ, Ерменсай, Мирас, Бағанашыл, Алатау, Нұр Алатау, Ақсай-1, Ақсай-2, Астана, Мамыр-1 және Мамыр-7, Мұзтау ықшамаудандарының тұрғындары да жарықсыз қалуы мүмкін.

Кестенің толық нұсқасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда қар жауып, бірқатар аудан жарықсыз қалған еді.

Соңғы жаңалықтар