Алматының бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының екі көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Наурызбай ауданы әкімдігінің мәліметінше, 27-28 наурыз күндері сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы филиалында оқушыларды іріктеу конкурсының өткізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы Еңбекші және Елибаев көшелерінде шектеледі.
Іс-шараға 2 500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Аудан әкімдігі осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел әрі медициналық қызметтердің жұмысын ұйымдастыру аса маңызды екенін атап өтті.
– Тұрғындар мен жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы көшедегі көлік жарыстары туралы мәлімдеме жасады.