Алматының бірнеше шағынауданында суық су өшіріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының бірнеше шағынауданында 22 қазанда түнде суық су уақытша өшіріледі.

«Алматы Су» компаниясының мәліметінше, инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарына байланысты 22 қазанда сағат 23:00-ден 23 қазан 05:00-ге дейін мына аумақтарда суық су болмайды:
Мына көшелер бойындағы аудандарда:
• Абай даңғылы – Сайын көшесі – Жандосов көшесі – Қарғалы өзені;
• Абай даңғылы – Қарғалы өзені – Шаляпин көшесі – Әшімов көшесі.
Су уақытша берілмейтін шағынаудандар:
• Мамыр 1-7;
• Атамекен;
• Алмас;
• Шабыт;
• Жазира;
• Қуаныш;
• Таугүл (Ықылас және Гүлзар көшелері);
• Достық (Абай даңғылының оңтүстігі).
Сонымен қатар су қысымы азаюы мүмкін аумақтар:
• Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы – Шаляпин көшесі – Сайын көшесі аралығы;
• 6, 7, 10а және 12-шағынаудандар.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрап, аталған шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда суық су мен кәріз қызметінің тарифтері төмендегенін жазған едік.