Алматының Бұтақты шатқалында жаңа визит-орталық ашылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда туристерге арналған жаңа визит-орталық ашылады. 

Алматының Бұтақты шатқалында жаңа визит-орталық ашылады
Фото: Алматы қаласы туризм басқармасы

Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, Іле-Алатаудың бөктеріндегі Бұтақты шатқалында Bytakty визит-орталығы ашылады.

— Оның басты мақсаты — туристерге аймақ, экскурсиялық маршруттар және ұлттық парк мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру, — деп хабарлады ведомство.

Қалаға келген меймандар орталықтан сувенир мен отандық өнімдерді сатып ала алады. Сондай-ақ визит-орталық жанынан туристер демалып, таудың әсем табиғатын тамашалай алатын мейрамхана ашылмақ.

Туризм басқармасы визит-орталықтың ресми ашылуы 2025 жылдың соңына дейін жоспарланғанын мәлімдеді.

Еске салайық, 2024 жылы Достық даңғылы мен Оспанова көшесінің қиылысында қаладағы 9-шы визит-орталық ашылды. Ақпараттық орталықтың бірден-бір ерекшелігі — ғимарат іші 1960-80 жылдардың суретшілері Молдахмет Кенбаев пен монументалист Николай Цивчинский жасаған қабырғадағы әсем мозаикалық өрнекпен безендірілген.

Соңғы жаңалықтар