Алматының дағдарыс орталықтарына биыл 2 мыңнан астам адам жүгінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында дағдарыс орталықтарының 2024 жылғы 9 айдағы жұмысының нәтижелері айтылды.

Алматы қаласының дағдарыс орталығы
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

«Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы Зульфия Байсақова осы жылдың сәуір айында заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары көмек сұрай бастағанын атап өтті.

«Ең бастысы, зардап шеккендер мемлекет тарапынан қолдауды сезініп, өз құқықтарын қорғаудың нақты тетігін көрді», — деді ол.

Ал «Жан-Сая» дағдарыс орталығының заңгері Гүлшара Сапарова 2023 жылы дағдарыс орталықтарынан 2657 адам көмек сұраса, биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 2279 адамға жеткенін айтты.

«Жазаны қатаңдату шаралары енгізілгенімен, қоғамның зорлық-зомбылыққа деген жалпы көзқарасын өзгерту маңызды», — деді заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар