Алматының екі көшесінде біржақты қозғалыс енгізіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алмалы ауданындағы екі көшеде 30 маусымнан бастап жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгереді.

Дорога, транспорт, Алматы, Жол, көлік, автобус
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, біржақты қозғалыс мына учаскелерде енгізіледі:

  • Қарасай батыр көшесінде — Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейін батыс бағытында;
  • Құлымбетов көшесінде — Варламов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытында.

Өзгерістер Алматы қаласы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл шаралар көлік қозғалысын жеңілдетуге, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайларды азайтуға бағытталған.

— Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Мониторинг пен қабылданған шаралардың тиімділігі бағаланғаннан кейін осы учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, бұған дейін Прокофьев көшесінің бөлігінде, Кіші Абай және Түркебаев көшесінің бөлігінде солтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылды.

Одан бөлек Достық даңғылының бөлігінде мен Зенков көшесінің бөлігінде бағытта біржақты қозғалыс енгізілді.

Сондай-ақ Уәлиханов көшесінің бөлігі, Жуков көшесі (оңтүстік бағытта) және Манаев көшесі (солтүстік бағытта) біржақты қозғалысқа ауысты.