Алматының «Қайраты» футзалдан суперкубок иегері атанды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде футзалдан суперкубок үшін ойын аяқталды.

Алматының «Қайраты» футзалдан суперкубок иегері атанды
Фото: nstagram.com/afckairat

Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен ел кубогының иегері «Семей» командасы кім мықты екендігін анықтады. 

Аса тартысты өткен матчта қос команданың да мүмкіндіктері болды.

Бәсеке тағдырын «Қайратқа» жаңадан келген бразилиялық Рафао соққан жалғыз гол шешті. 
Биыл маусым айының аяғында «Қайрат» плей-офф сериясының соңғы матчында «Семейді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, ел чемпионы атанған болатын. Ал наурыз айында семейліктер алматылықтарды 5:1 есебімен қапы қалдырып, кубокты еншілеген еді.

Бұл жолы суперкубок «Қайраттың» еншісінде кетті.

Осылайша, Қазақстанда футзалдың жаңа маусымы басталды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Оралда футзалдан Қазақстан суперкубогы өтетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар