Алматының кей аудандарында 2 күн суық су болмайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жаңа су құбырлары іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. 

Алматының кей аудандарында 2 күн суық су болмайды
Фото: pexels

«Алматы Су» мекемесінің мәліметінше, бұл жұмыстарға байланысты 23 қыркүйекте сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады. Олар:

— Серкебаев даңғылы — Әл-Фараби даңғылы — Үлкен Алматы өзені — Малахов көшесі — Қожабеков көшесі;
— Әл-Фараби даңғылы — Витебск көшесі — Хусаинов көшесі — Үлкен Алматы өзені.

Сондай-ақ 24 қыркүйекте сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін суық су беру уақытша Мұстафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі Торайғыров көшесінің солтүстік жағында тоқтатылады.

— Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстар жүргізудің қажеттілігіне түсіністікпен қарауды өтінеді, — деп хабарлады «Алматы Су».

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жиі су басатын учаскелерде жаңа арық жүйесі салынатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар