Алматының Медеу ауданында жеке үй өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Өрт «Горный гигант» ықшамауданында болды. Алдымен жеке үй өртенген, кейін жалын қасында тұрған ғимараттың шатырына ауысқан. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды, деп хабарлады қалалық ТЖД.
Ведомство мәліметінше, ғимараттар бір-біріне тым жақын салынғандықтан, жалын тез тарап, өрт сөндіру қиынға соққан. Сонымен қатар, өрт туралы хабарлама кеш түскен, ол кезде өрт әжептәуір өршіп кеткен.
Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында.
Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетелік Алматы облысындағы таулы аймақтан өрт шықты.