16:42, 16 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматының негізгі көшелерінде көлік кептелісі пайда болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісінің видеолары жарияланып жатыр.

2GIS қосымшасында қала көшелерінің басым бөлігі қызыл-сары түске боялған, әсіресе әл-Фараби, Абай даңғылдары мен Саин, Жандосов, Жароков, Розыбақиев көшелері.
Көлік қозғалысының барлық бағытта дерлік тоқтап қалғаны айқын байқалады. Мұндай уақытта ірі мегаполисте мұншалықты көлік кептелісі сирек кездеседі.

Kazinform агенттігі жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін қалалық полицияға сауал жолдап қойды.
Осыған дейін Астанада 9 балдық кептелістер тіркелген еді.