13:13, 10 Қараша 2024 | GMT +5
Алматының ойын-сауық нысандарынан 114 бұзушылық анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Алматыдағы ойын-сауық нысандары тексеріліп, 114 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарашаның 8-нен 9-на қараған түні Алматы қаласының полиция қызметкерлері темекі өнімдерін пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізді.
— Нәтижесінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 114 хаттама жасалды. 162 кальян тәркіленді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда жыл басынан бері құқық бұзған 7 207 жасөспірім полицияға жеткізілген.
Сондай-ақ, Астананы айнала қойылған полиция бекеттері жұмысын жалғастыратыны белгілі болды.