Атырауда жыл басынан бері құқық бұзған 7 207 жасөспірім полицияға жеткізілген

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан бері 7 207 жасөспірімнің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталып отыр. 

полиция
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құқық бұзушылық жасаған жасөспірімнің бәрі полицияға жеткізілген.

«Кәмелетке толмағандардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, балаларды зорлық-зомбылықтан және қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау – мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті. Жыл басынан бері Атырау облысында ішкі істер органдарына әртүрлі әкімшілік және қылмыстық кұқық бұзушылық бойынша 7207 бала жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияларға 175 құжат жолданды. Комиссия шешімімен 1 ата-ананың құқығы шектеліп, 2-еуі ата-ана құқығынан айырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Балаларының тәрбиесіне салғырттық танытып, ата-аналық міндетін орындамаған тұлғаларға 880 әкімшілік хаттама толтырылған. Жыл басынан бері арнайы есепке 79 жайсыз отбасы алынған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мопед жүргізушілерінің кесірінен 6 адам мерт болып, 70-і жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Өсер Жәңгірханның мәліметінше, жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кесірінен 148 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

«Жол апатының салдарынан 70 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал, 6 адам қаза тапты. Мопедті пайдаланатын 1 жасөс587 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнаулы айып тұрағына 429 электрлі көлік құралы қойылды», - дейді Өсер Жәңгірхан.

Соңғы жаңалықтар