Алматының Сейсмикалық қауіпсіздік басқармасының басшысы тағайындалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ерік Жұмабай Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Ерік Жұмабай Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ерік Жұмабай 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы қаржы полициясы органдарында бастаған. Кейінгі жылдары құқық қорғау органдарында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. 2024 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетелік Алматы мектептерінде сейсмикалық қауіпсіздік жөнінде сабақ өткізілетіні туралы жазған едік.