Алматының тағы бір көшесінде құбыр ауыстырылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 40 жылдан астам уақыт қолданылған құбыр ауыстырылып жатыр. 

Алматының тағы бір көшесінде құбыр ауыстырылып жатыр
Фото: Валерий Бугаев

– Алматыда Айтиев көшесінде 1980 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылып жатыр. Жалпы ұзындығы 245,5 метр болатын жылу трассасы бес көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде көрсетілген тұтынушыларға ыстық су беру сақталады ,– деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нен.

Осыған байланысты 6-26 мамыр аралығында Айтиев көшесінде, Богенбай батыр мен Қарасай батыр көшелері арасындағы учаскеде автокөлік қозғалысы шектеледі.

Алматының тағы бір көшесінде құбыр ауыстырылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Жалпы, биыл қала бойынша 39 км жылу желісін реконструкциялау жоспарланған.

Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Гоголь көшесінің солтүстігінде, Әуезов және Розыбакиев көшелері арасындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан құбыр ауыстырылған болатын

Соңғы жаңалықтар