Алматының тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Сот шешімімен «Таулы Қырат» ықшам ауданында құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды.

Алматының тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жеке тұлға рұқсатсыз тау бөктерінде үй салған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде аталған аумақтарға жол салу үшін тау бөктерінің етегі кесіліп, экожүйеге залал келтірілген.

Басқарма жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіру туралы нұсқама беріп, меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, басқарма сотқа мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз берген.

Алматының тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүрілді
Фото: Алматы әкімдігі

— 2024 жылы 17 қазанда Медеу аудандық соты талап-арызды қанағаттандырып, сот қаулысы Алматы қаласының әділет департаментіне орындауға жіберілген. Сот шешімін орындау мақсатында жуырда меншік иесі заңсыз нысандарды өзі бұзып тастады, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, бұған дейін Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар