Алматының тау бөктерінде заңсыз құрылыс нысаны сүріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бостандық ауданында заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылады.

Алматының тау бөктерінде заңсыз құрылыс нысаны сүріліп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, үй құрылысы басталғанға дейін меншік иесіне тау етегін кесіп, тірек қабырғасын заңсыз салғаны үшін нұсқама берілген. Одан кейін меншік иесі бау-бақша үйлерін салуға кірісіп, екі блокты тұрғын үй салған. Құрылыс аяқталған соң, меншік иесі нысанды бау-бақша үйі ретінде өз бетімен пайдалануға берген, бірақ бұл келісілген эскиздік жобаға сәйкес келмеген.

Басқарма 2024 жылы 16 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына бастапқы құжаттарды жою және нысандарды бұзу туралы талап арыз берген.

— Сот істері аяқталғаннан кейін 2025 жылы 20 мамырда меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай, бұзу туралы шешім заңды күшіне енді. Нысанды бұзу бүгін Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, бұған дейін Алматының тау бөктерінде екі заңсыз нысан сүріліп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар