Алматының таулы аймағында заңсыз салынған бірнеше нысан бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Сот шешімімен Көлсай шағын ауданы, №2237 учаскеде салынып жатқан үш ғимарат бұзылды. 

Бірнеше нысан бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салып жатқаны анықталды. Жеке тұлғаға бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріліп, әкімшілік шара қабылданды.

«2023 жылы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап-арызбен жүгінді. Сол жылдың қыркүйегінде сот шешімімен талап қанағаттандырылды», - деп атап өтті басқармадан.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Қалалық әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толығымен және ішінара бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және тағы басқалары бар.

Соңғы жаңалықтар