10:57, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Алматы-2 - Шымкент бағытына қосымша жолаушылар пойызы шығарылады
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жолаушылардың көптеген өтініштеріне орай 2012 жылдың 12, 19 және 26 қазанында

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Алматы-2 - Шымкент бағытындағы №61/62 рейсіне қосымша жолаушылар пойызын шығарады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Қосымша пойыз Алматы-2 стансысынан 12, 19 және 26 қазан күндері сағат 22:35-те шығып, Шымкент стансысына сәйкесінше 13, 20 және 27 қазан күндері сағат 12:10-де келеді.
Кейінгі бағытта Шымкенттен 13, 20, 27 қазанда сағат 17:30-да шығып, Алматы-2 стансысына 14, 21, 28 қазан күндері сағат 06:49-да жетеді.
Пойыз құрамы 13 жолаушы вагонынан тұрады, оның 4-еуі - купелік, 9 - плацкартты.