Алматы-2017: Қысқы Универсиада ойындарына тұңғыш рет қатысатын ел белгілі болды - ФОТО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы қысқы Универсиадаға тұңғыш рет Уганда елінің сноубордшысы қатысады. Бұл туралы almaty2017.com сайты хабарлайды.

Ең қызығы, өз тарихында тұңғыш рет қысқы Универсиадаға қатысатын Уганданың намысын жалғыз сноубордшысы қорғайды. Оның есімі - Бролин Маведже. Ол аталмыш сайтқа берген сұхбатында Алматыдағы додаға қалай дайындалып жатқаны туралы айтып берді.

«Өткен екі жылда мен Парк Сити Юнайтед (ParkCityUnited) деп аталатын сноуборд командасында жаттықтым. Дәл осы командада 2014 жылғы Олимпиада чемпионы Седжу Котсенбург та жаттығып, бапкерлер оның төрт жылдықтың басты додасында жоғарғы нәтиже көрсетуіне ықпал жасады. Қазір мен бапкерлеріммен бірге 28-ші қысқы студенттер ойынына дайындығымның арнайы жоспарын жасадық. Мен бірқатар халықаралық жарыстарға қатысқанмын. Атап айтсам: Рип Керл Про (RipCurlPro), Рев-тур (Rev-Tour) тағы басқа да жарыстар. Және де өзім оқитын колледжде екі жылдан бері сноубордшылар командасындамын. Өз ойымша, 2017 жылғы Универсиадаға қатысуға толықтай дайынмын»,-деді Бролин Маведже.

Сондай-ақ, Уганда спортшысы Универсиаданың өз өміріне қаншалықты маңызға ие екенін тілге тиек ете отырып, Африка жұртшылығының онымен мақтанатын күннің туатынына сенім білдірді.

«Алдағы Универсиада біздер үшін тарихи оқиға. Өйткені, Уганда, алғаш рет студенттердің қысқы ойындарына қатыспақ. Елімнің намысын қорғау маған бұйырыпты. Жалғыз өзім жүкті арқалаған соң, елімнің мерейін асырғым келеді».

 «Мен жарыс уақытында жаңа достар табамын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға уақытты керемет өткізуіне, жарыстың сәтті болуын тілеймін», - деді Бролин Маведже.

null null  

Күнсұлтан Отарбай

Соңғы жаңалықтар