Алматы әкімдігі: Спорттық секциялар мен мектептер жабылмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы мегаполистегі спорттық секциялар мен мектептердің жабылуы туралы жағдай бойынша түсініктеме беру үшін ата-ана комитетімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

 Әңгіме барысында бапкерлердің еңбекақысының қысқармайтыны және спорт мектептерінің жабылмайтыны белгілі болды.

«Біз 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарастыру жөнінде мәжіліс өткізіп, оның хаттамасын жасадық. Қаладағы футбол бөлімдерінің нақты жабылуы туралы сөз болған жоқ. Мектеп директорларына инвесторлар мәселесін қарастыру және қаржыландыру жоспарына өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берілді. Бұл мектептерде мемлекеттік тапсырысты алып тастау туралы мәселе тіпті көтерілген жоқ. Келесі жылы бюджетті қысқарту да болмайды», - деді әңгіме барысында Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбаев.

Басқарма заңгерінің айтуынша, түсініспеушілік кейбір мектеп мамандарының жұмыс хаттамасын дұрыс түсіндірмеуінен туындаған.

Соңғы жаңалықтар