Алматы әкімдігі тегін жер берілетіндігі туралы қауесетке сенбеуге шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бүгін Алматы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежановтың төрағалығымен қалалық жер комиссиясының екінші отырысы өтті. Оны өткізуге қала тұрғындарының жеке тұрғын үй құрылысына тегін жер телімін беру туралы арыз-шағымдары себеп болды.
None
None

Бұған дейін Алматы әкімдігі қалада жеке тұрғын үйлер салуға арналған бос жерлердің мүлдем жоқ екендігін хабарлаған болатын. Бірақ, соған қарамастан, тегін жер телімдерін беру туралы арыздар әкімдікке келіп түсіп жатыр.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықовтың айтуынша, соңғы күндері әкімдікке еліміздің басқа да өңірлерінен мыңдаған арыздар келіп түскен.

«Біз Алматыда жеке тұрғын үй құрылысына арналған бос жерлердің жоқ екендігін тағы да хабарлап жатырмыз. Бірақ, адамдар сенбейді. Өтініштер келіп жатыр. Мұның барлығына қауесеттер себеп болды. Оны кімнің таратып жатқаны белгісіз. Бұл жерде ешкімді айыптай алмайсың», - деді ол.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, биыл Алматыда жер телімдеріне қатысты 150-ден астам алаяқтық деректер тіркелген.

Соңғы жаңалықтар