Алматы әкімдігінің жанында көлікті дұрыс қоймаған 30 жүргізушіге айыппұл салынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер Алматы әкімдігі маңында тыйым белгілері тұрған жерге қойылған көліктерді анықтау тұрғысынан тексеріс жүргізді, деп хабарлады қаланың ІІД сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

«Мамандандырылған батальон инспекторлары бір сағаттың ішінде 19 заңбұзушылықты анықтады. Шараның қорытындысы бойынша көлік қою қағидасын бұзған жүргізушілерге қатысты ӘҚтК 597-бабына сәйкес 56 әкімшілік хаттама толтырылды, 4 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Алматыда көлік көп учаскелерде ақылы автотұрақ жұмыс істей бастағаны белгілі. Өкінішке орай, кей азаматтар көліктерін заңмен тыйым салынған жерлерге қоюын тоқтатар емес», - деп хабарлады Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Ол әкімшілік полиция жедел алдын алу шарасын тұрақты өткізетінін атап өтті. Бұл жолдарға, аула ішіне көліктерді қою мәселесін реттеуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар