Алматы әкімі А.Есімов голландиялық компанияларды қаланың индустриялық аймағына қатысуға шақырды

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті Елшісі Питер Ван Леувенмен кездесті,
None
None

деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Екіжақты әңгіме барысында әкім, Алматы - жағымды инвестициялық жағдайға ие еліміздің қаржы-экономикалық орталығы екендігін айтты. Қалада Индустриялық аймақ сияқты ірі жобалар бар. Онда 100-ден астам компания базалары орналасып, аумағы 460 гектарға дейін жетпек. Сондай-ақ «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының құрылысы басталады. Аталмыш жобалар шетел капиталының қатысуымен жүзеге аспақ.

 Алматыда 202 бірлескен кәсіпорын мен голландиялық капиталдың қатысуымен 77 компания жұмыс жасайды. Олардың дені негізінен сауда-саттықпен, банк және қаржы қызметтерін ұсынумен айналысады. Алматыдан Голландияға жіберілетін экспорттың басым бөлігін мұнай және мұнай өнімдері құрайды. Голландия дәрі-дәрмектер, тыңайтқыштар, медициналық құрылғылар мен жабдықтарды импорттайды. Биыл 8 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 310,7 млн. долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге дейін өскен.  

 Өз кезегінде Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және өкілетті Елшісі Алматының индустриялық аймағының бірегей жоба екендігін және оған голландиялық компаниялардың қатысуы екіжақты ықпалдастықты жандандыратындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар