Алматы әкімі әл-Фараби даңғылын дамытудың жаңа концепциясымен танысты

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімовке әл-Фараби даңғылын дамытудың жаңа концепциясы таныстырылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Америкалық компания өкілі әр қаланың қала тұрғындары мен сырттан келгендерді бірден өзіне тартып тұратын ерекше орны болатындығын айтты. Мысалы, Париждегі Елисей жазығы, Барселондағы Рамбла бульвары осындай ерекше жерлер. Алматы үшін осындай айрықша орын әл-Фараби даңғылы болуы тиіс. Жаңа жобаның басты идеясы - қоғамдық жолақтармен бірге мұнда жеңілрельсті транспорт жолы мен веложолдар болатындығы. Сонымен қатар тұрғындардың дұрыс демалуы үшін өтпелі жолдар да қарастырылған.

Қала басшысы трафик, экология мәселесін шешуді атап өтті. Осыған орай, қала әкімі Горный гигант арқылы өтетін айналма жол жобасына келіспеді.

«Бұл жоба Алматы экологиясын нашарлатады. Оны салумен біз көлік кептелісінен құтыла алмаймыз. Қайта қала бұрынғыдан да залалданатын болады», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы, негізгі қала магистралі болып табылатын бұл даңғылды абаттандыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Әкім бұл концепцияға таяу арада қайта оралатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар