Алматы әкімі әуежайдағы шарықтап тұрған бағаны тексеруді тапсырды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов әуежайдағы азық-түлік бағасының ақылға сыйымдылығын тексеруді тапсырған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин айтты.
«Әкім бағалардың өсуі қаншалықты негізді екендігін тексеруді тапсырды. Салық төлемдері бойынша. Салық департаментіне салық түсімдерінің көлемі мен түсу уақытын тексеру тапсырылды», - деді Юрий Ильин.
Оның айтуынша, тамақтану нысандарындағы баға қайта қарап шығуды талап етеді.
«Біздің елімізде кәсіпкерлік еркін дамуы тиіс. Бірақ бағаның қалыптасуын мемлекет реттеуі керек. Виза режимін алып тастауға байланысты Алматыға шетелден келетін жолаушылар ағыны 12 пайызға артты», - деді ол.
Ол сондай-ақ, әуежай басшылығына өз кәсіпкерлерімен, жалға берушілерімен баға мәселесін қайта пысықтауын тапсырды.
Өз кезегінде әуежай басшылығы осы бағытта жұмыс жасалып жатқанын жеткізді.
«Терминалдың 24 мың шаршы метр аумағының 3 мың шаршы метрі жекеменшік иелігінде. Қазір бағалар арзандап жатыр», - деді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Айбол Бекмұхамбетов.