Алматы әкімі мердігерлерге Универсиада нысандарындағы әрлеу жұмыстарының сапасын арттыруды тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Универсиада-2017 нысандарын: Мұз аренасын, Мұз сарайын және Атлетикалық ауылды аралады.
None
None

Мердігерлер қала басшысына құрылыс жұмыстарының барысы, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелер жайында баяндады.

Өз кезегінде қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына жіті көңіл бөлу керектігін баса айтты.

«Жұмыстар уақыт кестесіне сай жүргізіліп жатыр. Нысандар дер кезінде қолданысқа беріледі. Бірақ, ең бастысы - сапа. Бас мердігерлер тарапынан берілетін кепілді мерзімді ұзарту қажет. Үш жыл - бұл аздық етеді. Құрылысшылар нысандарды тапсырған соң, кемшіліктер табылып жүрмесін. Осы құрылыс жұмыстарына тартылған тұлғалардың барлығына жауапкершілік жүктелсін», - деді Б. Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы қолданылып жатқан материалдар бойынша тағы да сараптама жүргізу керектігін тапсырды. Бұл жерде басты мақсат - сапа жағына көңіл бөле отырып, отандық өндірушілерді көбірек тарту.

«Бүгінгі таңда нысандардың дайындығы - 70-75 пайызды құрайды. Қазір, әрлеу, инженерлік коммуникацияларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көп ұзамай абаттандыру жұмыстары басталады. Ал қазақстандық мазмұнның үлес салмағы - 52 пайызды құрайды. Ішкі әрлеуге қатысты барлық дизайнерлік жобалар мақұлданған. Жұмыстардың барлығы белгіленген уақыт кестесі бойынша жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Мапаев.

Әкім қысқы Универсиада ойындарын өткізу - қаланың дамуына жаңа серпін беруі керектігін алға тартты, яғни халыққа қызмет көрсету деңгейін, шағын және орта бизнес субъектілерін жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандыру, тұрғындар үшін спорт инфрақұрылымдарын жақсарту қажет.

Соңғы жаңалықтар