Алматы әкімі мүгедектер мәселесі бойынша штаттан тыс жаңа кеңесшімен кездесті

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Ахметжан Есімов мүгедектердің құқығын қорғау мен олардың өмірін жақсарту жөніндегі мәселемен айналысатын өзінің штаттан тыс жаңа кеңесшісі Қайрат Иманәлиевті қабылдады, деп хабарлады қала басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Ахметжан Есімов 2013 жылдың 27 тамызында қалалық «Разные-равные» атты байқауға қатысты өткен гала концертте Қайрат Иманәлиевті мүгедектер мәселесі бойынша өзінің штаттан тыс жаңа кеңесшісі етіп тағайындаған еді. Қайрат Иманәлиев мүгедектер арасынан кеңесшіні таңдап алғаны үшін Алматы әкіміне алғыс білдірді. Қала басшысы мүгедектер мәселесіне жіті көңіл бөлу, оларға қажетті жағдайлар жасау Республиканың әлеуметтік саясаты екендігін жеткізді. «Біз ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуын ескеруіміз қажет. Мендегі ақпарат бойынша мүгедектердің тек бестен бір бөлігі ғана жұмысқа тартылған. Бұл экономикалық қана емес, әлеуметтік аспект. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы қоғамға да пайдалы», - деді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар