Алматы әкімі Универсиада- 2017-нің спорттық нысандарының орнында болды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ахметжан Есімов 2017 жылы өтетін 28-інші Қысқы Универсиадаға арнап салынатын спорттық нысандардың орнында болды,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Бұл нысандардың қатарына 15 мың орынды мұз сарайы, екі мұз айдыны мен олимпиадалық ауылға ұқсатып салынатын 20 мың орынды студенттер қалашығы, жаңа аудан тұрғындары үшін негізі мәдениет ошағы болып табылатын үлкен концерт залы кіреді. Қалған спорт нысандары Универсиада үшін Алматыда бар.

«Болашақ спорт нысандары орналасуына қарай оңтайлы болуымен қатар кейін қалалықтардың игілігіне жұмыс істеулері тиіс», - деп атап өтті әкім.

Ахметжан Есімов Алатау ауданында Қазақстанда тұңғыш рет автокөлік иелеріне қызмет көрсететін ХҚКО-ғы салынатын жерді көрді.

Әкім қаладағы қызмет көрсету салаларының басшыларына ХҚКО салынатын орынды тағы да пысықтай түсуді тапсырды, оның құрылысына кететін шығынның барынша аз әрі алматылықтар үшін тиімді болуы ескертілді.

Соңғы жаңалықтар