Алматы әлеуметі мен өркениеті қайта жанданған жаңа кезеңге аяқ басты - А. Есімов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Тәуелсіздік күні - еліміздің басты мерекесі. Ал бұл жерде Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің алтын бесігі атанған - Алматының алатын орны ерекше.
None
None

Қала басшысы Ахметжан Есімов бүгін қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, осылай деп мәлімдеді.

«Халқымыздың сан ғасырлық тарихында еркіндік дегенде елең етпеген кез болған емес. Енді міне, сол бабалар армандап өткен бақ - Тәуелсіздікке қол жеткізгелі де 23 жылдың жүзі болды. Бүгінде еліміз бен әсем қаламыз Алматы - әлеуметі мен мәдениеті, өнері мен өркениеті қайта жанданған жаңа кезеңге аяқ басты. Мұның өзі - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сонау 1991 жылы халқымыздың қалауы, елдің таңдауы болған Тәуелсіздіктің арқасында келген ұлы несібе. Осы уақыт ішінде біз тек елдікке қол жеткізіп қана қойған жоқпыз. Біз мемлекетіміздің экономикасын аяғынан тік тұрғызып, халқы­мыздың әлеуметтік ахуалын түзедік», - деді А. Есімов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде оңтүстік астана - Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының экономикалық, білім, мәдени және спорттық орталығына айналуда. Қалада экономиканың барлық секторы жыл санап дамып келеді. Ал бұған жүздеген мың алматылықтардың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізіліп отыр.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында атап өткеніндей, «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық саясаты - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Сонымен қатар, Елбасы бұл Жолдауда: «Біздің азаматтарымыз заманауи, сапалы автомагистральдармен жүретін болады. Елімізде әлеуметтік инфрақұрылымдар жақсарады. Жаңа, заманауи үлгіде салынған мектептер мен ауруханадар сапалы қызмет көрсететін болады. Қорыта келгенде, мұның барлығы әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өміріне оң әсер етеді» - деген болатын. Осы орайда, сүйікті қаламыз, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің алтын бесігі атанған - Алматының алатын орны ерекше. Ел Тәуел­сіздігінің алғашқы жылдарында қаламызда саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік істер бастау алып, көптеген мемлекеттік шешімдер қабыл­данды. Бұл - барша алматылықтар үшін үлкен абырой. Ендеше, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін, - деді сөзінң соңында Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар