Алматы аспанында ҚР Әскери-әуе күштерінің ұшақтары қалықтауда

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен қаңтар айында Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қабылданған еуропалық «Airbus» авиациялық концернінің С-295 ұшақтары жауынгерлік дайындықтан өтуді бастады.
None
None

Бүгін Алматы аспанында бұл ұшақтар жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларды жасауды бастады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әуе кемелерінің тізгінінде Рүстем Тілеумағамбетов, Дмитрий Гроц, Асхат Халитов және Бағлан Бейсебаев сынды Испанияда болып, арнайы ұшу дайындығынан өткен қазақстандық әскери ұшқыштар отыр.

«Қазір қазақстандық әскери ұшқыштарға испандық әріптестері нұсқаушылық жасауда. Бір жарым айдан соң шетелдік мамандар елдеріне оралады. Сол кезден бастап қазақстандық әскери ұшқыштар ұшақтарды өздері дербес игеретін болады. С-295 ұшақтары Қазақстанның қатал ауа райын ескере отырып, арнайы жасалған», - делінген таратылған хабарламада.

Аталған ұшақтар Қазақстанға ағымдағы жылдың 17 қаңтарында жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар